Алматыда 1 миллион теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Құқық бұзушыны Алматы полициясының іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
12:34 17.12.2023
«Мерседес» маркалы көліктің жүргізушісіне жол ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деп жазды полициядан.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!