Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында жасөспірімдер жасаған 72 қылмыс тіркелген
Атырау облысында жыл басынан бері тіркелген қылмыстың дені меншікке қарсы және қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болып отыр.
Фото: polisia.kz
08:10 18.12.2023
Ал, қылмыс жасаған күдіктілердің арасында 1 қыз бар, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиевтің айтуынша, жасөспірімдер тарапынан жасалған 72 қылмыс тіркелген.
«Жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Жасөспірімдер меншікке қарсы және қоғамдық тәртіп бұзу секілді қылмысты жасауға бейім. Осындай қылмыстың 65-ін балалар жасағаны анықталды. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылғы дерекпен салыстырғанда 5,8 пайызға төмен. Күдікке ілінген жасөспірімдердің біреуі – қыз бала. Ал, 13 жасөспірімнің жасы 14-15-те болса, 52-сі 16-17 жаста», - дейді Әбдіғани Сейдуалиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram