Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Джо Байденнің күзет кортежі жол апатына ұшырады
Белгісіз біреу АҚШ президенті Джо Байден кортежіндегі көліктердің бірін қағып кетті. Мемлекет басшысында бәрі жақсы. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабар таратқан.
Фото: ТАСС
15:20 18.12.2023
Президент кортежінің жол талғамайтын көлігін мемлекет басшысы жұбайы Джилл Байденмен Уилмингтон орталығындағы (Делавэр штаты) демократиялық штабтан шыққан кезде белгісіз біреу қағып кетті.
"Қатты соққы естілген кезде АҚШ президенті көліктің жанында тұрды", - деп жазды журналистер.
АҚШ құпия қызметінің агенттері апатқа жауапты көлікті тез қоршап алып, жүргізушіге қару кезенген, ол бірден қолын көтерді.
Апат алдында Байден БАҚ-тың бұрынғы президент Дональд Трампқа қатысты сауалдарына жауап берген.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram