{metadescription}
Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды

Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды

17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Костанайские новости". Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде