{metadescription}
Шымкенттегі көпқабатты үйде болған өрттен 50-ден астам адам эвакуацияланды

Шымкенттегі көпқабатты үйде болған өрттен 50-ден астам адам эвакуацияланды

Қонаев даңғылындағы 17 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 10-шы қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй, одан кейін лоджия өртенді, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

"Сағат 14.10-да Қонаев даңғылы, 91 мекенжайындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Тұрғын үйдің 10-шы қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртенді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі адамды эвакуациялады. Тағы 50 адам, көрші пәтерлердің тұрғындары өрт туралы хабардар болған соң, өз бетімен үйлерін босатқан.

Өрт сөндірушілер жарты сағат бойы өртпен күресіп, 14:48-де толығымен сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде