Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
20 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
08:12 20.12.2023
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 20 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Атырауда ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары