Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жекеменшік балабақшада 4 жасар қызға зорлық-зомбылық жасаған
Өзбекстан балалар омбудсменінің мәлімдеуінше, Ташкент облысы Келес қаласында тұратын Қ.Т. өзінің 2019 жылы туған қызына балабақшада жыныстық тиісу орын алғанын айтып, шағым түсірген, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixabay.com
08:07 21.12.2023
Осы өтінішті Бас прокуратурамен бірлесіп зерделеу нәтижесінде Келес қаласындағы жекеменшік балабақшада қызға жыныстық тиісу фактісіне байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы (он алты жасқа толмаған адамға қатысты әдепсіз әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір Ташкент облыстық ІІБ ТБ тарапынан алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, З.Б. тұрып жатқан үйінде, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тиісті рұқсат құжатын алмай, лицензиясыз балабақша ашқаны белгілі болды.
Ташкент облысының санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғамдық денсаулық басқармасы аталған үйді тексерген кезде, мұнда санитарлық ережелер өрескел бұзылып, балабақшада жұмыс істеген Г.Қ. мен З.Б. медициналық тексеруден өтпегені анықталды.
Қылмыстық істі тергеу барысында азамат З.Б.-ның лицензиясыз мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашып, жұмыс істеуіне де құқықтық баға беріледі.
«Бұл қылмыстық істі тергеуді облыс прокуратурасы, Бас прокуратура қадағалап, бала мүддесіне қатысты Балалар омбудсменінің бақылауына алынды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram