{metadescription}
Аллергияға шалдыққан шымкенттік тұрғынның терісі толықтай іріңдеп кетті

Аллергияға шалдыққан шымкенттік тұрғынның терісі толықтай іріңдеп кетті

Шымкенттік дәрігерлер аллергияның ауыр түріне шалдыққан науқасты аман алып қалды.

Шымкент қалалық №2 ауруханаға 54 жастағы науқас жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты дәрігерлер пациентті бірден жансақтау бөліміне жатқызған, деп хабарлайды Kazinform. Науқас денесінің барлық жерінде іріңді бөртпелердің бар екенін айтып, денесі қызғанын, басы ауырып, айналатынына және құсатынына шағымданған. Әйелдің айтуынша осы белгілер 5 күн бойы мазасын алған.

«Науқас қазіргі халін тамақпен немесе шаң-тозаңмен байланыстырмайды. Бірақ, өз бетінше қытайлық дәрігердің қабылдауында болып, әртүрлі шөптік тұнбалар қабылдаған, жақпа майлар қолданған. Емінің төртінші күнінде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған. Келген кезде жағдайы өте ауыр, терісінің 90 пайызы зақымдалған болатын. Терісі күйік шалған секілді бөртіп қызарған, кей жерлерін іріңді бөртпе басқан. Беті, көзі, қолдары ісінген», – дейді емдеуші дәрігері Жанат Төлебайқызы.

Науқасқа жансақтау бөлімінде 2 апта бойы ем жасалды. 3 сеанс гемофильтрация арқылы қаны тазартылды. Ал, жағдайы қалыпқа түскен соң палатаға ауыстырылып, қабынуға және интоксикацияға қарсы десенсибилизация ем қабылдады. Нәтижесінде жағдайы жақсарып, терісі толық қалпына келді. Дертінен сауыққан науқасты медицина мамандары бүгін үйіне шығарып салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде