Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ернар Базаров тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі
09:34 21.12.2023
Ернар Мейрамбекұлы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Семей облысының тумасы. Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соның ішінде Абай облысы құрылғанға дейін Семей қаласының Полиция басқармасын басқарған.
2022 жылы Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан өзінің бірінші орынбасарына сәттілік тілеп, бірқатар міндет қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram