Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Барыс» командасы бүгін Ресейде «Нефтехимик» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
10:25 21.12.2023
Кездесу бүгін, 19 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады. Екі команда бұған дейін 44 мәрте кездесті. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 41 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр. Aл «Нефтехимик» 40 ойыннан кейін 36 ұпаймен 18-орында келеді. Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті. Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық командаға бас бапкер міндетін атқарушы қызметіне Олег Болякин тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram