{metadescription}
Алматы тауларында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

Алматы тауларында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

Алматы туларындағы №18 қар көшкінін жинау учаскесінде алдын алу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Kazinform

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таудағы №18 қар көшкінін жинау учаскесінде (Алматы-Космостанция) көшкінің алдын алу үшін 2600-2800 метр биікте жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4000 куб метр қар массасы түсірілді.

«Қар массасын түсіруге Алматы қалалық ТЖД, «Қазселденқорғау», Апаттар медицинасы орталығы, мердігерлер мен «Қазгидромет» мамандары қатысты. Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады департаменттен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде