Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұржан Нұржігітов су тарифіне қатысты түсінік берді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тарифіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: gov.kz
14:04 21.12.2023
«1 қаңтардан бастап егістіктерге арналған судың орташа өлшенген тарифі 1 теңгеге өседі. Біз ауыз су тарифтерін көтеру мәселесін қарастырып жатқан жоқпыз», - деді Нұржан Нұржігітов Сенаттың жалпы отырысынан кейін ьілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда министр су үнемдеу бағытында жоспарланған іс-шараларға тоқталды.
«Жалпы, су ресурстары туралы айтатын болсақ, Қазақстанда жыл сайын 100 текше шақырымнан астам су жиналады. Оның 54 пайызы Қазақстан аумағынан, 46 пайызын трансшекаралық өзендерден аламыз. Бұл негізінен оңтүстік, шығыс және батыс аймақтар. Қазір біз 25 текше шақырым суды пайдаланамыз, оның 65 пайызы ауыл шаруашылығына, 25 пайызы өнеркәсіпке және 5 пайыздан сәл астамы коммуналдық-тұрмыстық салаға бағытталады. Судың жетіспеуі мәселесіне қатысты көп айтылып жүр. Су тапшылығын болдырмау үшін министрлік әр облыспен бірлесе жаңа су қоймаларын салу, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру, суару жүйелерін жөндеу, ауыл шаруашылығындағы су үнемдеу технологияларының үлесін ұлғайту тұрғысында кешенді жоспарды әзірледі. Бұл іс-қимылдар 2030 жылға қарай 10 мың текше шақырымға дейін суды жинақтап, үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Нұржан Нұржігітов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram