Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңа пәтерлер саны бір жыл ішінде Астанада 77%, Алматыда 52%-ға өсті
2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында елорданың көппәтерлі үйлерінде 41,8 мың пәтер пайдалануға берілді.
Фото: Kazinform
14:21 21.12.2023
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,1 мыңға көп. Алматыда 19,9 мың пәтер пайдалануға берілген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,8 мыңға артық. ҚР СЖжРА ҰСБ дерегінше, екі қаладағы пайдалануға берілген үйлер саны жалпы көрсеткіштің 60%-ын құрап тұр, деп Kazinform хабарлайды.
Мегаполистердегі қарқынның өзге өңірлерден озып келе жатқаны заңды құбылыс. Бірақ ауқымы жағынан Алматы (3,4 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 1,7 мың), Шымкент (4,8 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 3,5 мың) және Жетісу (1,5 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 0,5 мың) облыстарында айтарлықтай өсім байқалады.
8 өңірдің көрсеткіші төмендеп кетті, әсіресе Атырау облысы: 2023 жылғы 11 ай ішінде 2 мыңдай ғана пәтер пайдалануға берілген. 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 2,9 мың болған еді.
Қазақстан бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы көрсеткіші былтырмен салыстырғанда бәрібір 35%-ға және 26,7 мыңға көп болған. 102 мың пәтерден асты, бұл - 2019 жылдан бері осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram