Бюджет қаржысына корпоратив өткізуге тыйым салынды
Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов барлық мемлекеттік ұйымдарға жаңа жылдық кештерді бюджет және одан тыс қаражат есебінен өткізуге тыйым салды.
Фото: event.ru сайтынан алынды
15:36 21.12.2023
Бұл туралы алдағы мерекелерді атап өту мәселелері жөніндегі отырыста мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform. Бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен барлық мемлекеттік ұйымдар, компаниялар, мемлекеттік үлесі бар банктер мен әкімдіктердің корпоративтік кеш ұйымдастыруына, мерекелік дастархан жаюына, отшашу өткізуіне рұқсат етілмейді. Дегенмен басшылық құрам мен қызметкерлердің өз қаржысы есебінен мерекелік іс-шараларды өткізуіне тыйым салынбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары