Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында құны 174 млн теңгеден асатын жер телімі мемлекетке қайтарылды
Атырау облысының Жылыой ауданында кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Павлодар облысының прокуратурасы
16:38 21.12.2023
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.
Осы ретте Жылыой ауданындағы «Жана-Тан» ЖШС осы санаттағы жер учаскелерін игермегені және ұзақ уақыт бойы (2020ж. бері) мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды.
«Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram