Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Университетте 14 адам қаза болып, 25-і жарақаттанды: Чехияда қаралы күн жарияланды
Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала айтты, деп хабарлайды Кazinform.
Фото: euronews
08:05 22.12.2023
Бұл шешім республика президенті мен төменгі палата спикерінің қатысуымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды. Ол оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастады.
Салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлердің сөзінше, 11 адамның жағдайы ауыр. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиғада 15 адам көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram