Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әзербайжан билігі денсаулығына қауіп төнген баланы ата-анасынан алып қоймақ
Әзербайжанда баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда құзырлы органдар оны ата-анасынан алып кетуі мүмкін.
Фото: pixabay.com
11:44 22.12.2023
Милли Меджлистің (парламент) отбасы, әйелдер және балалар мәселесі жөніндегі комитетінің отырысында өзгеріс енгізіліп жатқан «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Әзербайжан Республикасының заңы талқыланды.
Заң жобасына сәйкес, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, оның ішінде Әзербайжан Отбасы кодексінің 72-бабында белгіленген негіздер болған жағдайда (баланың денсаулығы мен өміріне тікелей қатер төнген жағдайда оны ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан алу) баланы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған адамдардан шұғыл түрде алу шараларын қолдану – мемлекеттің міндетіне жатады.
Бұл ретте, қылмыстық-процестік заңнама негізінде тергелмейтін тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен байланысты оқиғалар бойынша мемлекеттің міндетінен отбасылық қарым-қатынасты қалпына келтіруге жәрдемдесу нормасы алынып тасталды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram