Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында көлік жүргізушінің берешегі 27 млн теңгеге жеткен
Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды.
Фото: Polisia.kz
13:18 22.12.2023
Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторлары сот орындаушылармен бірлесіп рейдтерді жалғастырып жатыр. Яғни бұл жолы патрульдік полиция қызметкерлеріне «Қорғау» қосымшасы арқылы төленбеген қарызы бар 47 жас шамасындағы автокөлік жүргізушісі туралы хабарлама келді.
Түркістан қаласының тұрғыны Toyota Сamry 55 автокөлік иесінің 27 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталып, автокөлікті айыптұраққа орналастырды. Полицейлер тарапынан жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы ескертілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram