Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлихан Смайылов энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Бүгін, 22 желтоқсан – энергетиктер күні. Осыған орай ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Фото: Kazinform
14:51 22.12.2023
«Құрметті еліміздің энергетика секторының қызметкерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз жылу электр станцияларының, электр желілері және энергиямен жабдықтау ұйымдарының, ЖЭК және су электр станциялары нысандарының қызметкерлеріне, жөндеуші бригадаларға – қажырлы еңбектерімен еліміздің энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отырған азаматтардың барлығына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Кей кезде ауыр еңбек жағдайларына қарамастан, Сіздер үйлерімізге жарық пен жылу беріп, кәсіпорындар мен инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз етіп отырсыздар. Мемлекетіміздің дамуына үлкен күш-қуат беріп отырған мәртебелі еңбектеріңіздің жемісі – ол энергия! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық және үлкен жетістіктер тілеймін!», - деді Әлихан Смайылов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram