Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мадияр Қожахмет Ғылым және жоғары білім министрлігі аппарат басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
15:25 22.12.2023
Ол 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Чехия жаратылыстану ғылымдары университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастаған.
2003-2008 жылдары – Чехия Республикасындағы Қазақстан жастар конгресінің бөлім, басқарма бастығы, орынбасары, атқарушы директоры, халықаралық өкілі.
2008-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бағыты бойынша жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің инспекторы.
2014-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2019-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram