{metadescription}
Төлем көлемі ұлғаятын болады —Ерлан Қарин «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жайлы

Төлем көлемі ұлғаятын болады —Ерлан Қарин «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жайлы

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы уақытта «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жасалатын төлем көлемі ұлғаятынын жазды. 

«Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. 

Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді. Алдағы уақытта бөлінетін төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады", - деп жазды Ерлан Қарин Телеграм арнасында. 

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдағанын мәлімдеді. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде