Павлодар облысында жер астына құлаған автобусты іздеу қайта жанданды
Шұңқыр түбіне шағын экскаватор түсірілді. Автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты.
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
16:07 03.02.2024
«Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған.
2024 жылғы 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы технологиялық жолда автобус белсенді емес шахтаны тазарту кеңістігіне құлап кетті. Оның ішінде Павлодар облысы бойынша ТЖД ПҚҚБ құтқарушылары, "Майқайыңалтын" АҚ шахтасының аумағында түтін туралы қоңырауға келе жатқан құтқарушылар бар еді. Автобуста барлығы төрт адам болған.
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Республикалық орталық штабы екі құтқарушының денесі құмнан табылғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!