{metadescription}
Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды

Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды

Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 ақпан күні болды.

«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.