{metadescription}
Досаев Алматыдағы тау бөктерінде құрылыс салу мәселесі туралы айтты

Досаев Алматыдағы тау бөктерінде құрылыс салу мәселесі туралы айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ең алдымен «Тау Самалы» шағын ауданындағы лай көшкіні туралы айтты.

Шаһар басшысы қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Тау Самалы» шағын ауданында қаза тапқан отбасының қаржылық міндеттемесі өтеледі. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру мен еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмек көрсетеді. Бұл отбасының шетелде оқитын үлкен ұлы Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, ата-анасының қаржылық міндеттемесін шешуге жәрдемдеседі», - деді Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және «Тау Самалы» шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады.

Мәселен, 2022 жылдың маусым айында мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлердегі құрылысқа тыйым салуды ұсынып, қолдаған болатын.

«Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-уі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда», - деді Ерболат Досаев.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазір Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талабы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кейін төрт адам да өлі табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.