{metadescription}
Осы демалыста боран басылып, аяз 28 градусқа дейін күшейеді

Осы демалыста боран басылып, аяз 28 градусқа дейін күшейеді

Қазгидромет синоптиктері 10-12 ақпанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Скандинавия циклоны бірте-бірте елімізден ығысады, дегенмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Бұрқасын көтеріліп, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.

Содан кейін атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды.

Температура еліміздің солтүстік жартысында түнде 20-28 аязға дейін, күндіз 15-20 аязға дейін айтарлықтай төмендейді.

Ал оңтүстік аймақтарға Иран аймағынан оңтүстік циклон келеді. Салдарынан жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. 

Жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.