Қазақстанда міндетті телеарналар саны артады
Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде міндетті телеарналардың санын көбейту туралы бұйрықты жариялады.
17:46 19.02.2024
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта міндетті теле-радио арналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) толықтырулар енгізілген.
Бұйрықтың негізінде міндетті телеарналар қатарына «ATAMEKEN BUSINESS» және «НТК» қосылған. Аталған құжат 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылады.
Айта кетсек, бүгінде елімізде міндетті 15 телеарна бар:
«QAZAQSTAN»
«Хабар»
«Хабар 24»
«BALAPAN»
«ABAI TV»
«QAZSPORT»
«Kazakh TV»
«МИР»
«Астана»
«Almaty»
«Первый канал Евразия»
«КТК»
«31 канал»
«Седьмой канал»
«El arna».
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!