{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn және «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn және «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Президенті AIQYN және литер газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы-Президент кеңесшісі Берік Уәли хабарлады.

— Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай AIQYN және литер газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, салмақты сараптамаларымен, сүйекті сұхбаттарымен танылды. Бүгінде AIQYN мен ЛИТЕР — еліміздегі көшбасшы газеттердің бірі һәм бірегейі.Мерейтойға орай қос басылымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, газеттердің өркендей беруіне тілектестік білдірді. AIQYN мен литер алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қоса береді деп сенеміз, — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.