{metadescription}
Шахтинскіде баласына алимент төлемеген әке сот үкімімен қар күреп, көше сыпыратын болды

Шахтинскіде баласына алимент төлемеген әке сот үкімімен қар күреп, көше сыпыратын болды

Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам құжат орындалып жатыр. 

Өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Бұл шара борышкерлерден қарызды өндіріп алуға оң әсерін тигізіп отыр. 

Әдетте қылмыстық істі тергеу сатысында борышкерлер алимент берешегін толығымен өтеп, іс тараптардың татуласуымен тоқтатылады.

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы және қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды.

36 қасақана борышкерге үкім шыққан. 

Мысалы, кәмелетке толмаған Ш-ның әкесі ұлын асырауға қаражат төлемеген. Оның 3 миллион теңгеден астам қарызы болған.

Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды.

Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек.

Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам алимент өтелді.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасып жатыр. 

Облыс прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілік бар екенін еске салады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде