Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр
Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр.
Фото: қызылорда қаласы ПД
17:59 05.03.2024
Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Одан кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбековке іздеу салады, деп жазады kazinform.
Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.
«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram