Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты
Атырауда қоғамдық көлікке мінген ер адам жолақы төлеуден бас тартқан.
Фото: Kazinform
19:57 05.03.2024
Сөйтіп ескерту жасаған жүргізушіге дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан. Бұл туралы Instagram желісінде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында №22 бағытта жолаушы тасымалдайтын автобуста болған.
«Смарт-Атырау» КМК директоры Арслан Ароновтың айтуына қарағанда, жолаушы мен жүргізуші арасындағы кикілжің жолақыға қатысты өрбіген, деп жазады kazinform.
«Автобусқа мінген ер адам жүргізушіге дөрекілік танытып, қол жұмсады. Соққының салдарынан жүргізушінің беті мен көзі істі. Автобус жүргізушісі полицияға шағым түсіреді. Ал, бұзақылық жасаған жолаушы валидаторды сындырды», - деп мәлім етті Арслан Аронов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram