{metadescription}
Атырауда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды

Атырауда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды

Атырауда қоғамдық көліктің жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан ер адам ұсталды.

Полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның жасы – 47-де.

«Бүгін, 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы ер адам №22 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазір 49 жастағы жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде