Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тәжікстанда қар көшкіні мен тас құлау қаупі күшейді
Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті ел тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері республиканың таулы аймақтарында, «Душанбе – Худжанд» автожолының аумағында және Таулы-Бадахшан автономиялық облысының батыс аудандарында қар көшкіні мен тас құлау қаупі жоғары болатынын ескертті, деп жазады kazinform.
Фото: pixabay.com
21:00 05.03.2024
Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті тұрғындарды ұзақ сапарға шығудан, отын жинаудан, аң аулауға және балық аулауға барудан, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тартып, сақ болуға шақырады.
Бұған дейін Комитет жауын-шашын салдарынан Гиссар жотасының тауларында, сондай-ақ «Душанбе – Хорог», «Душанбе – Худжанд», «Душанбе – Лахш», «Хорог – Мургаб», «Хорог-Ишкашим» автожолдарында қар көшкіні ықтималдығы сақталатынын хабарлаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram