Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті
Ванкуверден Лондонға бағыт алған Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағына найзағай түсті.
Фото: vancouver.citynews.ca
11:12 06.03.2024
Бортта 550 жолаушы болған. СityNews басылымының мәліметінше, лайнерге орнатылған найзағайға қарсы арнайы жүйенің арқасында ұшақ ішіндегілер апаттан аман қалған. Бұл жайттан кейін ұшақ ұшуын жалғастырып, Хитроу әуежайына қонды.
«Ұшақ Ванкувер халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай найзағай соқты», - деп жазды аталған басылым.
Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосы желіде кең тарап кетті. АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, жолаушылар ұшағын жылына орта есеппен 1-2 рет найзағай түседі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram