Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған екі күдікті ұсталды
6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
12:43 06.03.2024
Тергеу материалдарының қорытындысы бойынша, бұдан бұрын ұсталған айыпталушының біреуі шет елде жүріп радикалды діни идеологияны қабылдағаны анықталды.
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram