Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
16:09 06.03.2024
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 2,72 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447, 52 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 наурызға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 450, 53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 451,3 теңге.
Ал Астана қаласында сату бағасы – 447,5 теңге болса, сатып алу – 452,5 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,87 - 4,92 теңге, Астанада 4,8 - 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!