{metadescription}
«Шымбұлақ» тау курортында FIS Әлем Кубоктарының кезеңдерін өткізу аясында баспасөз конференциясы өтті

«Шымбұлақ» тау курортында FIS Әлем Кубоктарының кезеңдерін өткізу аясында баспасөз конференциясы өтті

2024 жылы 6 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында фристайлдың «могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша FIS Әлем Кубоктарының кезеңдерін өткізу аясында БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясы өтті.

Конференция спикерлері: «Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахманов, ФА ЗТБ «ҚР Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» бас хатшысы Аскар Валиев және FIS Халықаралық шаңғы спорты федерациясының фристайл бойынша рейс директоры Андреа Риналди, сонымен қатар Алматы қаласы спорт басқармасының Бастысы Хайруллин Ерден және могул бойынша ҚР бас бапкері Елена Круглыхина.

Спикерлер шараның бағларламасы, ҚР үлттық құрама командасының құрамы, қатысушы әлдер туралы айтады және могул және шаңғы акробатикасы жолдарының дайындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахмановтың айтуынша сайыстарға 16 елден халықаралық деңгейдегі 180 спортшы қатысады.

«Осы жылы Шымбұлақ қатарынан екі мерейтойды атап өтпек: курорттың 70 жылдығынан бөлек, фристайл бойынша әлем кубогы кезеңдерін біздің курортта бесінші рет өткізгелі жатқанымызды да қуана атап өтеміз. Бұл жыл – біз үшін ерекше, біз осындай абыройлы сайыстардың қожайыны болып, спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жаңа ұрпақты шабыттандыра алуы үшін жағдай жасап жатқанымызды мақтан тұтамыз», - деді «Шымбұлақ» ТК бас директоры.

Ал «ҚР Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» бас хатшысы Аскар Валиев фристайл бойынша Әлем кубогы кезеңдерін мерейтойлы бесінші жыл өткізіп жатқанымыз – осы керемет спорт түріне сұраныстың үздіксіз артып отырғандығының куәсі екендігін атап өтті.

«Әсіресе параллель могулдың олимпиада бағдарламасына енгізілгені қатты қуантады, және осы жылы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында да алғаш рет өткізілді. Бұл – бағыттың дамуына және жас спортшыларға өз таланты мен шеберлігін көрсетуге қосымша мүмкіндік беретін үлкен қадам. Бұл тек басы екендігіне сенеміз және осы керемет сайыстардың 2026 жылы Миланда өтетін Олимпиада ойындарының бөлігі болғанын асыға күтеміз. Сондай-ақ, осы жылы тарихымызда алғаш рет онлайн-төрешілік болатынын атап өткім келеді. Курортта тек екі халықаралық төреші болады. Бұл қадам – цифрландыруға өтудің және шаралар ұйымдартыруда инновациялар енгізудің бір бөлігі», - деп қорытындылады А.Валиев.

«Могул» және «параллель могул» бағыттары бойынша ресми жаттығулар 7 наурызда басталады. Бұл жылы жолдар былтырғыдай – Құрғақ алаңда орналасады. Жол Юлия Галышеваның құрметіне «Yuka G» деп аталады. Оның спорт әлеміндегі достық атауы осындай.

Біздің құраманың дайындығы туралы сөз қозғағанда Аскар Валиев Қазақстанның позициясы мықты екендігін және топ елдермен лайықты қарсылас екендігін атап өтті.

«Қатысушыларымыз өте мықты. Біздің жас ұрпақ лайықты секірілімдер көрсетім, жолдармен жақсы жүреді. Сайыстарда Қазақстанның атынан 15 спортшы бақ сынайды. «могул/параллель могул» бағытында – 10 атлет, «шаңғы акробатикасы» бағытында – 5 атлет», - деді А.Валиев.

Қазақстан құрамасының толықтай дайындығын FIS Халықаралық шаңғы спорты федерациясының өкілі, рейс директор Андреа Риналди де атап өтті.

«Ең алдымен осындай шараның ұйымдастырылып жатқанына алғыс айтқым келеді. Команланың ұйымшылдығын, жолдардың дайындық деңгейін бөлек атап өту керек. Бүгін бұл жерде әлемнің үздік спортшылары жиналады. Әр старт ерекше, сондықтан бізге процесстің өзі қызық», - деп өз сөзін қосты Андреа.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігін және Алматы қаласы әкімдігіне ерекше алғыс білдіреміз, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ, Sport Qory және шараның ресми демеушілері – Mastercard төлем жүйесіне және «Jusan Bank» банкіне алғыс айтамыз», - деді А.Валиев

Бұл жылы ресми трансляция ҚазСпорт телеарнасында жүреді.

Өткен жылы life-форматтағы трансляцияны 3 миллионға жуық көрермен қарады, сондай-ақ 60 млн-ға жуық қайта қаралым болды, ол – осы спорт түрінің танымалдылығының дәлелі.

Фристайл бойынша Әлем кубогының кезеңдері – Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) қолдауымен 1980 жылдан бері өтіп келе жатқан жыл сайынғы сайыстар. Әр спорт кеезеңінің соңында әр бағыт брйынша Әлем кубогының Финалдық кезеңдері өтеді, онда ең мықты спортшылар анықталып, спорттың бұл түрінде кульминация болып табылатын «Хрусталь глобустар» табысталады.

Әлемдік деңгейдегі сайыстар дәстүрлі түрде Алматыдағы «Шымбұлақ» тау курортында өтеді, онда жыл сайын мықты құрамдағы командалар бақ сынасады.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) өкілдері:

  • Рейс директор – Андреа Риналди (FIS)
  • Рейс директордың ассистенті – Конрад Ротермунд (FIS)
  • Техникалық делегат – Сангмок Ли (FIS)
  • Бас төреші могул – Марко Кланкар (Словения)
  • Бас төреші акробатика – Тина Танака (Жапония)

Шараны ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі
  • Алматы қаласы әкімдігі
  • Спортты дамыту дирекциясы
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті» БҚ
  • «Самұрық Қазына» АҚ
  • «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Корпоративтік қоры
  •  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» ФА ЗТБ
  •  «Шымбұлақ» ТК

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде