Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Kazinform
08:06 07.03.2024
Әлеуметтік желіде Жаңақорған ауданында блогердің ұсталғаны жөнінде ақпараттар жарияланды. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған оқиға бойынша Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп жазылған департамент хабарламасында.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!