{metadescription}
Алматылық құтқарушылар өртенген үйден 57 жастағы тұрғынды алып шықты

Алматылық құтқарушылар өртенген үйден 57 жастағы тұрғынды алып шықты

Алматылық құтқарушылар Медеу ауданындағы жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды аман алып шықты. 

6 наурыз күні кешкі сағат 18.58-де Алматыда жеке тұрғын үй өртенді. Қызыл жалын кейін көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралған. 

Өрт 20.02-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1967 жылғы ер адам құтқарылып, жедел  жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына Алматы қаласындағы ТЖД-ның 20 адамы және 5 техника жұмылдырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде