Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау кәсіпорындарында жазатайым оқиғадан 10 адам мерт болған
Былтыр Атырау облысының кәсіпорындарында жазатайым оқиғадан 10 адам мерт болған.
Фото: Kazinform
11:48 07.03.2024
Ал 27 адам ауыр жарақат алған. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы еңбек қауіпсіздігін бұзуға қатысты 37 дерек тіркелген.
«Жазатайым оқиғаларға байланысты тиісті тергеу жүргізілді. Тергеу кезінде жазатайым оқиғалардың жұмыс берушінің кінәсінен болатыны анықталды. Мұның себебі — жұмыс берушінің арнайы киіммен қамтамасыз етпеуі, еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын сақтамауы. Осындай олқылықтың салдарынан былтыр жазатайым оқиғалардан 27 жұмысшы ауыр жарақат алды. Өкінішке қарай, 10 жұмысшы қайтыс болды», -дейді Игілік Әубәкіров.
Оның дерегіне сүйенсек, үш мекеме жұмысын тоқтатқан. Онға жуық еңбек дауы туындаған.
«Әдетте еңбек дауы жұмыс берушінің Еңбек кодексінің талаптарын бұзуынан туындайды. Оның алдын алу үшін түсіндіру жұмысын жүргізіп келеміз. Ал биыл кәсіпорындарда жасырын сауалнаманы қолға алуды жоспарлап отырмыз», -деп мәлім етті Игілік Әубәкіров.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram