{metadescription}
Қазақстандық Дмитрий Попко қатарынан 20 ойында жеңіске жетті

Қазақстандық Дмитрий Попко қатарынан 20 ойында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 956-орында тұрған Пауло Андре Дос Сантоспен сәтті өткізді. Попко бразиялиялық қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ол енді ширек финалға шығу үшін рейтингіде 969-сатыдағы франциялық Куентин Фоллиотпен таласады. 

Бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ-тың Флорида штатында өткен үш ITF жарысында жеңімпаз атанып, ал Аргентинаның Тукуман қаласында финалға дейін жетті. Тукуманда бразилиялық Педро Сакамотомен өтуі тиіс соңғы бәсеке ауа райына байланысты болмай қалды да, ұпай финалистер арасында тең бөлінді. 

Сол ойынды есептемегенде, Попко қатарынан 20 кездесуін жеңіспен аяқтап отыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде