Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қаржы министрлігі еліміздегі банктерге салық жүктемесін көтермек
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жақын арада қай салаларда салық жүктемесі артатынын түсіндірді.
Фото: Қаржы министрлігі
13:56 07.03.2024
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер вице-министрден «салық саласындағы өзгертулер халыққа ауыртпалық тудырмай ма?» деген сұрақ қойды. Өз кезегінде Е. Біржанов Қаржы министрлігі ірі салық төлеушілерге назар аударып отырғанын айтты.
«Жер қойнауын пайдаланушылармен, мұнай саласындағы салық төлеушілермен жұмыс істеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді қарастырып жатырмыз. Себебі банктер жағынан салық түcімі төмен. 21 банк тек 600 млрд теңге төлеп отыр. Қаржы министрлігі банк саласына салықты ұлғайтуды ұсынды», - деді вице-министр.
Бұл тұрғыда ол осы ұсыныстар ведомствода пысықталып жатқанын және Парламент қарауына енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Табысы жоғары нысандар салықты да көбірек төлеуі тиіс.
«Мұнымен қоса, жеке кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту керек. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексі аясында инвестиция салатын және жаңа кәсіпорын ашатындарға жағдай жасау маңызды», - деді Ержан Біржанов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram