СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіледі
Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданының 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіледі. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр, деп хабарлайды polisia.kz.
Фото: polisia.kz
15:09 07.03.2024
Ас үйдегі газды плитаның артында өсімдік тектес зат салынған екі қап анықталып, тәркіленді. Оның жалпы салмағы 8 келі 910 грамм болады.
Күдіктінің айтуынша, алкогольдің орнына жабайы қарақурайды пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
"Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!