{metadescription}
Бүгін атыраулық қыз-келіншектер қоғамдық көлікпен тегін қатынап жүр

Бүгін атыраулық қыз-келіншектер қоғамдық көлікпен тегін қатынап жүр

Бүгін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктер қыз-келіншектерді тегін тасымалдар жүр. 

Атырау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындармен бірге осындай бірлескен шешім қабылданған.

«Атырау қаласы мен шаһар маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустар 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектерден жолақы талап етілмейді. Автобустар әдеттегі кестеге сәйкес таңғы сағат 07:00-де жолаушы тасымалдауға шықты. Оның №12 және 14 маршруттағы қоғамдық көліктер түнгі сағат 23:00-ге дейін, өзге автобустар сағат 21:00-ге дейін жолаушылар тасымалдайды. Күн сайын барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын 200 автобус бар», - деп хабарлады «СмартАтырау» КММ директоры Арслан Аронов.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде