Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте жүк пойызы жас жігітті басып кетті
Оқыс оқиға 8 наурыз күні болды.
Фото: istockphoto.com
10:26 09.03.2024
Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 18-20 жас аралығындағы жігітті пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кеткен.
Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.
«Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды», - ведомства ақпаратында.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram