{metadescription}
Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты.

Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27. Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. 

Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын. 

ММА-дегі статистикасы — 19-2. Оның жеңістер сериясы қазір — 15 жекпе жек.

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген. 

Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде