Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда көпір үстіндегі жол апатынан 4 адам көз жұмды
Атырау қаласында көпірдің үстінде екі көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды.
Фото: pixabay
19:03 10.03.2024
Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, жол апаты бүгін, 10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында болғаны анықталып отыр.
«Атырау қаласындағы Жайық өзенінің қос жағалауын жалғайтын көпірдің үстінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Granta автокөлігінің рөлінде болған 1998 жылғы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.
Қазір полиция қызметкерлері тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Жол апатының себебін анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram