Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда есірткі тасымалдаумен айналысқан 19 жасар бозбала ұсталды
Азаматтан жалпы салмағы 29 грамм есірткінің жаңа түрлері табылды. Бұл заттарды ол интернет арқылы сатып алдым деп түсіндірген.
10:50 11.03.2024
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі таратқаны үшін 19 жасар павлодарлықты ұстады. Полицейлер арнайы мониторинг жүргізу кезінде оның тыйым салынған заттарды жасырып жүргенін байқаған.
«Жас жігіттің автокөлігін тексеру кезінде есігінен ақ ұнтақ табылды. Кейін сараптама көрсеткендей, оның синтетикалық есірткі екені анықталды. Ал күдіктінің пәтерін тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар полимерлі орама, қаптама материалы, таразы, полимерлі оқшаулау лентасы және бекіткіші бар пакеттер табылды. Азаматтан тәркіленген барлық есірткінің жалпы салмағы 29 грамм, бұл — синтетикалық есірткінің жаңа түрі», деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Бозбала бұл заттарды интернеттегі сайт арқылы тапқанын, оны таратқаны үшін әлдекімдер мол табыс уәде еткенін жеткізген. Телефонына есірткі заттарының тығылған жерлері, оларды қайда орналастыратыны жайлы ақпараттар келіп отырған.
Қазір ол уақытша қамау орнына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram