Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да демалыс күндері иіс тиген 3 адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері екі жер үйде улы газ тарап, 3 адам қаза тапты.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
15:16 11.03.2024
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші оқиға 8 наурызда Ұлан ауданында болған.
«Мамай Батыр ауылындағы жер үйде пеш пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан улы газ тарап, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Оның 51 жастағы ұлы иіс тию белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында», - делінген ақпаратта.
Екінші қайғылы жағдай 10 наурызда Шемонаиха ауданы Камышинка ауылында тіркелген.
«Пештен шыққан көмірқышқыл газынан 58 жастағы әйел мен 35 жастағы ұлы қаза болды. 37 жастағы тағы бір ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram