{metadescription}
Ақтөбеде үш адамның өліміне әкелген жол апаты кезінде рульде болған мұғалім сотталды

Ақтөбеде үш адамның өліміне әкелген жол апаты кезінде рульде болған мұғалім сотталды

Оқушыларды аудандық олимпиадаға жеткізбек болған мұғалім 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін сот полиция мен білім басқармасына жеке қаулы шығарды.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жол-көлік апаты кезінде рульде болған мұғалім Жандос Шамшадинге үкім шықты. 

«Жандос Шамшадин Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік басқару құқғынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ж. Шамшадинге жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі тағайындалсын»,- деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Сонымен бірге судья қызметтік жауапсыздық танытқан Ырғыз аудандық полиция бөлімі мен Ырғыз ауданы Темірастау жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкеріне қатысты шара қолдану жөнінде қаулы шығарды. Қаулыға жауапты Ақтөбе облыстық ПД бастығы, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы беруі тиіс.

Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым түсірмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде