{metadescription}
Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік жүргізушісі 2 жарым жылға сотталды

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік жүргізушісі 2 жарым жылға сотталды

Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.

Оқиға қаладағы Грузинская мен Виноградов көшелерінің қиылысында болған. Солға бұрылған көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні байқамай, қағып кеткен. Ауыр жараланған азамат сол жерде көз жұмды, деп жазады kazinform.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

«Ер адам бұрын сотталмаған және көлігінде әкімшілік айыппұл болмаған. Сондай-ақ жәбірленуші тарап оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сот шешімімен сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеліп, 5 жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айырылды», - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде